1.1.Бижанова Мейрамгуль
Сеилхановна Оқу орыс
тілінде жүретін мектептердің 10-сыныбына
арналған
қазақ тілі пәнінің «Отбасындағы әке мен
баланың қарым-қатынасы» модулі бойынша
орта мерзімді жоспар.
|
ФИО
учителя:
Место
работы:
Должность:
|
Бижанова Мейрамгуль Сеилхановна
Областная специализированная школа №8 для одаренных детей ЗКО г.Уральска
учитель казахского языка и литературы
высшей категории
|
№
|
Тақырыбы,
негізгі мақсаттары мен оқытудың нәтижелері. Бірізді сабақтар сериясы
аяқталғанда оқушыларыңыздың бойында қандай білім, білік, дағдыларды
қалыптастырғыңыз келеді.
|
Жұмыстың
белсенді формалары (ЖЖ,ТЖ, ПЖ, ДЖ). Оқытуды жақсарту үшін АКТ пайдалана
аласыз ба?
|
Оқушы
әрекетін бағалауды сіз қалай қолданасыз?
|
Сыныптағы
барлық оқушыларды қалай жұмысқа тартасыз? (талантты, дарынды)
|
Сөйлеуге
үйретудегі кедергілерді қалай жоясыз?
|
Жоспарлағаныңыз
бен күткеніңізге оқушылардың барлығының үйренгенін қалай анықтайсыз?
|
Негізгі мақсат: Оқытудағы жаңа
әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана отырып, оқушылардың
қазақ тілі пәніне деген қызығушылығын арттыру. Сөздік қорларын
байыта отырып, ойлау қабілеттерін дамыту, тіл байлығын арттыру, сөйлеу тілін дамыту арқылы сөйлеу
мәдениетін қалыптастыру, дүниетанымын кеңейту, алған білімдерін өмірде
қолдана білуге дағдыландыру. Әкені құрметтеуге шақыру арқылы адам атына лайық
адал азамат тәрбиелеу. |
||||||
1-сабақ
|
Тақырыбы
Адам атыңа
лайық бол. Көркем әдебиет стилі.
Мақсаты: Оқушылар бойына адамгершілік сезімдерін
қалыптастырады. Адам атына лайық болуды, азаматтық қасиетті ұғындырады.
Диалогтің
нәтижесінде ынтымақтастық қалыптасады.
Өз пікірін
еркін айтуға, дәлелдеуге, өзгелерді тыңдауға, өзгелердің пікірлерімен
санасуға үйрене бастайды.Сөйлеу дағдыларын қалыптастырып,
ауызекі
сөйлеу тілдерін дамытады.
Оқу нәтижелері:
Теріс
жолға түспеген, ата- ана сенімін ақтайтын, адам атына лайық азамат болудың
маңыздылығына көздерін жеткізеді. Диалог арқылы бір-бірімен қарым-қатынастары
жақсарады және ойлау қабілеттері
дамиды.
Көркем
әдебиет стилін ажырата біледі.
Топпен, жұппен жұмыс істеуге
қалыптасады. Сөйлеу мәдениетін дамытады.
|
Оқушыларды
топқа бөлу
1-3 санау
арқылы 3 топқа бөлінеді.
Идеяларды
жинақтау әдістері-Миға шабуыл, топтық шабуыл, кейс-стади, топпен жұмыс , жеке
жұмыс, Блум таксономиясы, тапсырмадан тапсырмаға өту, пікір
картасы,эссе,семантикалық карта, «Отшашу» сергіту сәті, смайликпен бағалау,
топтық бағалау.
|
Топ мүшелерін
көшбасшылардың бағалауын қадағалап отырамын.
«Топтық бағалау» парағын толтырады.
Жақсы пікір иесін анықтап, үш шапалақ арқылы
мадақтаймыз.
Формативтік бағалау,
Өлшемдік
бағалау.
Үздік топ пен үздік оқушыны анықтау
|
Оқушылар топта
бір- біріне көмек көрсетіп,жұмыстарды бірігіп орындайды. Дарынды және
талантты балаларға тереңдетілген тапсырмалар беремін.Үлгерімі
нашар оқушыларға
жеңілден күрделенген тапсырмалар беремін.
|
Сөйлеу мәдениетін
қалыптастыру үшін өзара әңгімелесу, пікір картасын құру, семантикалық карта
толтыру , эссе жазу,
пікір алмасу және ашық
сұрақтарды кеңінен қолдану
|
Сабақтағы көңіл-күйлерін смайликтермен көрсетеді және бүгінгі сабақтан не алғанын жазып,
«Рефлексия плакатындағы» гүлдің күлтешелеріне оқып барып жапсырады. Жақсы
пікір иесі болуға ұмтылады.
Топтық
жұмысқа қалыптастырады.Постермен жұмысқа бейімделеді Кері байланыс арқылы ,
рефлексия парақтарынан бүгінгі сабақтан не алғанын айтқызу арқылы ойларын айтуға үйретемін.
Оқушылар
өздерінің пікірлері қалай ерекшеленетіндігіне назар аударады.
|
2-сабақ
|
Тақырыбы:
Өсиет.
Мақсаты:
Оқушылар өсиет сөзінің мән-мағынасын түсінеді.Әке
өсиетінің құндылығына назар аударады.Үлкенді тыңдау арқылы дұрыс жолға түсуге
болатынына көздерін жеткізеді. Сөйлеу
дағдыларын қалыптастырып, ауызекі сөйлеу тілдерін дамытады.
Диалогтің
нәтижесінде ынтымақтастық қалыптасады.
Оқу нәтижелері:
Өсиетті
орындау арқылы теріс жолға түспеген, ата- ана сенімін ақтайтын, әкені
сыйлау-парыз екенін түсінетін адам атына лайық азамат болу керек екендігіне
көздерін жеткізеді.
Оқушылар
білімді өз бетінше меңгере алуға дағдылана бастайды.Сөздік жаттайды.
Топпен,
жұппен жұмыс істеуге қалыптасады.
Сөйлеу мәдениетін дамытады.
|
Ә.Қалаубаеваның
«Көңілді күн» әніне музыка ырғағымен би
жаттығуларын жасайды. Бойлары
бойынша 3 топқа бөлінеді.
Өз бетінше
ойлау қабілетін көрсетуге мүмкіндік беретін сұрақтарды топпен талдау-
кейс-стади әдісі,
идеяларды
жинақтау әдістері-миға шабуыл, топтық шабуыл, идеялар мен ұсыныстарды
генерациялау әдісі - 525 тәсілі, «Жалын-мұз» жаттығуы, «Ойлаудың 6 қалпағы»,
топтық дискуссия әдісі, «3,2,1» стратегиясы, Блум таксономиясы, топпен
жұмыс , жеке жұмыс, өзін-өзі бағалау.
(АВС
тобының оқушыларын ерекше бақылау)
|
Топ мүшелері өздерін өздері
бағалап отырады,
сынып жұмысына да
өз бағаларын береді.
«Даналық ағашына» стикерлерді оқып барып іледі,
өзін-өзі бағалау парақтарын толтырады.Оқушы
үні АВС тобының оқушыларын бағалауы.
Эдуард де Бононың «Ойлаудың 6
қалпағы» арқылы
сынып жұмысына да өз бағаларын береді. Топтық
жұмыста оқушыларды сабаққа ынтасына байланысты
топ мүшелері
жиынтық
бағалайды.
|
Оқушыларды
ынтымақтас-
тыққа
шақыру.Психологилық
тренингтер өткізу
арқылы сабаққа қызығушылығын арттыру
Деңгейлеріне қарай тапсырмалар беру
Жұптық жұмыс, диалог арқылы, ой қозғау,
миға шабуыл, топтық жұмыс арқылы.
|
Оқушылар
сөйлемдерді
толықтыру, мақал-мәтелдердің жалғасын табу арқылы сөйлеу дағдыларын
қалыптастыра бастайды. өз пікірлерін толық айтуға үйренеді.
Өз
тақырыптары бойынша ойларын дәлелдейді.
Интерактивті
тақтадағы семантикалық картаны толтырады, мәтінмен байланыстырады және сол мәтін бойынша өз ойларын дәлелдейді.
Дөңгелене
отырған әрбір оқушы қағаз бетіне 2 сұрақтан жазады да, келесі оқушыға береді,
ол 2 сұрақ тіркеп, келесіге береді.Сұрақ қайталанғанша үдеріс жүріп отырады.
Осы үдеріс арқылы сұрақ қоюға, толық
жауап беруге үйренеді. «Ойлаудың 6
қалпағы» әдісі арқылы талдау, сараптама жасау жұмысына
жаттығады. Сол мақсатта нақты сөйлеуге бағытталады.
|
Ойланады, жұптасады, пікірлеседі.
Топқа
бөлінуге өзара жұмыс жасауға
дағыланады.
Сыни
ой-пікірлерін дамытады.Өз идеялары мен көзқарастарын еркін айтуа бейімделеді.
«3,2,1»
стратегиясы бойынша өзіне
ұнаған 3 нәрсе,
қиын болған 2 тапсырма, түсініксіз 1 нәрсе туралы айту арқылы сыни тұрғыда
ойлап, өзінің іс-әрекетін талдауға үйренеді.
Эдуард де
Бононың «Ойлаудың 6 қалпағы» әдісі
бойынша
оқушылар мәтінді
жинақтап, талдайды, өз ойларын білдіреді.
|
3-сабақ
|
Тақырыбы:
Әке
нұсқаған жолменен.
Мақсаты
Бала бойындағы адами қасиетті дамыту.Әке нұсқаған
жолдың маңыздылығына назар аударады.Әкені сыйлау парызын ұғындырады. Әкенің
қадіріне көздерін жеткізеді. Сөйлеу
дағдыларын қалыптастырып, ауызекі сөйлеу тілдерін дамытады.
Оқу нәтижелері:
Перзенттік
парызын түсінетін болады, ата- ана сенімін ақтайтын, әкені құрметтейтін,
әкенің қадірін білетін азамат болып қсуге көмектеседі.
Оқушылар
білімді өз бетінше меңгере алуға дағдылана бастайды.
Сыни
тұрғыдан ойлай отырып, өзін-өзі реттеуге, өздігінен оқуға дағдыланады.
Диалогтік
қарым-қатынас жасауын дамытады.
|
Балауыз шамның жану үдерісі тенологиясы, сыни тұрғыдан
ойлау, Джиксо «Сен-саған, мен-саған» әдісі, рөлдік, іскерлік ойын, «Әкемнің
бойындағы мен бағалайтын қасиет» тренингі, «Аяқталмаған сөйлем» , идеяларды жинақтау әдістері-Миға шабуыл,
топтық дискуссия әдісі, «3,2,1» стратегиясы,
Блум таксономиясы,топпен жұмыс, жеке жұмыс. (АВС тобының оқушыларын
ерекше бақылау)
|
Оқушыларды табыс
критерийлері бойынша жеке және топтық бағалауға үйретемін.
(АВС тобының
оқушыларын ерекше бақылау)
Есте қалған үш
факті, ұнаған екі нәрсе, бір сұрақ жазып, стикерлерді тақтаға жапсырады,
өзін-өзі бағалау парақтарын толтырады.Оқушы үні АВС тобының оқушыларын бағалауы.
Оқушылардың іс-әрекеттерін бағалау парағына жазылған
критерийлер бойынша бағалау.
|
Топқа бөлінуге
қалыптасады.
Сыныптастарының
пікірлерін тыңдайды,жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеріп қолдана алады.
Балауыз шамның
жарығымен әдемі әуен тыңдай отырып,
оқушылар өз әкелеріне хат жазады.Бұл арқылы сыни тұрғыдан ойлау
қабілеттерң дамиды. Әкелеріне оқып беру ұсынылады
1 топ ноутбукпен
әкелеріне электронды пошта арқылы хат жазады.
-Қандай қасиет жайлы әңгімеленді?
Сіз оны қандай белгілері бойынша таптыңыз?
Қасиетті баяндау түрі әңгімелеушінің айтқысы келгенін
тереңірек түсінуге көмектесті ме? –деген сұрақтар арқылы оқушының сыни тұрғыдан
ойлауына мүмкіндік беремін.
|
Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру үшін өзара
әңгімелесу,
пікір алмасу және
қанатты сөздерді түсініп еске сақтау.
Әкелеріне
хат жазу негізінде жазба тілдерін
қалыптастырады. Сөйлемдерді дұрыс құрастыруға машықтанады.
Сөйлемдерді
толықтырады. Мақал-мәтелдердің жалғасын табады. Оқушылар өз пікірлерін толық
айтады. Өзіне ұнаған мақалын атап, неге ұнағанын айтады. Ол оқушының ойлау қабілетін дамыта отырып,
ұйқастырып шебер сөйлеуге жол ашады.
оқушының жеке пікірін сұрау арқылы, проблемалық сұрақ
қою арқылы.
|
«Джиксо» әдісі бойынша
әр топтан 1 оқушы
шығып, келесі топқа барып түсіндіреді, сұрақтарына жауап береді.Тобына келіп,
кездескен кедергілері болса,айтады. Келесі топтарға өз сұрақтарын қояды.
Дарынды және
талантты балалардың пікірлерін бағалау Үлгерімі
төмен оқушыларға
топ болып қолдау көрсетуге нұсқау жасау
топ болып тапсырмаларды орындауда топ ережелерін еске
түсіру.
Шығармашылық жұмысты орындауынан, өз ой- пікірін,
көзқарасын ашық білдіруінен, рефлексия
парақтарынан ( рефлексия ағашы)
|
4-сабақ
5-сабақ
6-сабақ
|
Тақырыбы: Адамгершілік-асыл
қасиет.Мақсаты: Бала бойындағы адамгершілік қасиетті дамыту.
Шығармашылық
жұмыс барысында «Эссе» жазу арқылы
сыни тұрғыдан ойлана отырып, өзара диалогқа түсіп, өзінің жас
ерекшелігіне сай ой-толғау жазады.
Сөйлеу
дағдыларын қалыптастырып, ауызекі сөйлеу тілдерін дамытады.Оқу нәтижелері:
Адамгершілік пен кішіпейілділік қасиеттерді қалыптастырады. Оқушылар бір-бірімен ақпарат алмасады,
алынған ақпараттарды ойлайды, бағалайды, талқылайды, талдайды, ой елегінен өткізгенде
ғана оқушылар тапсырманы толығымен түсіне алады.
Сыни
тұрғыдан ойлай отырып, өзін-өзі реттеуге, өздігінен оқуға дағдыланады.
Диалогтік
қарым-қатынас жасауын дамытады. Ойын, қиялын, пікірін білдіру арқылы тілі
дамиды.
Тақырыбы:
Байлық пен
ақыл.
Мақсаты:
Оқушылар байлық пен ақылды салыстыра отырып,
мән-мағынасын түсінеді. «Мұрагер» сөзінің мағынасына назар аударады.Ақыл
азбайтынына, білім тозбайтынына көздерін
жеткізеді. Сөйлеу дағдыларын қалыптастырып, ауызекі сөйлеу
тілдерін дамытады.
Диалогтің
нәтижесінде ынтымақтастық қалыптасады.
Оқу нәтижелері:
Еңбексүйгіштік
пен қайрат-жігерлілік арқылы байлыққа
жетуге болатынын, әкені сыйлау-парыз
екенін түсінетін адам атына лайық азамат болу керек екендігіне көздерін
жеткізеді.
Оқушылар
білімді өз бетінше меңгере алуға дағдылана бастайды.Сөздік жаттайды.
Топпен,
жұппен жұмыс істеуге қалыптасады
Тақырыбы:
Базарлық
пен байғазы.
Мақсаты:
Оқушылар базарлық пен байғазы, көрімдіктің мағынасын
ұғынады, айырмашылықтары бар екендігін, оларды шатастыруға болмайтынын
түсінеді. «Байғазы»-балалардың көңіл-күйін көтеретін дәстүр екендігін біліп, байғазы, көрімдік
сұрап үйренеді, базарлық әкелу, базарлық апару арқылы жомарттыққа,
сыйластыққа, жақсы көру сезімін бағалауға дағдыланады, «тозбайтын сыйлық
сұрау» арқылы ақыл азбайтынына, білім тозбайтынына көздерін жеткізеді. Сөйлеу дағдыларын қалыптастырып,
ауызекі сөйлеу тілдерін дамытады.
Диалогтің
нәтижесінде ынтымақтастық қалыптасады.
Оқу нәтижелері:
Табандылық
пен қайрат-жігерлілік арқылы жеңіске
жетуге болатынын, Райымбектің
жеңісі-әкесінің жеңісі екенін түсініп, әке үмітін ақтау, әкені сыйлау-парыз
екенін ұғынатын адам атына лайық азамат болу керек екендігіне көздерін
жеткізеді.
Оқушылар
білімді өз бетінше меңгере алуға дағдылана бастайды.Сөздік жаттайды.
Топпен,
жұппен жұмыс істеуге қалыптасады.
Сөйлеу мәдениетін дамытады.
|
«Адамгершілік» сөзіне ассоциативті қатар құрады,
мақал-мәтелдердің жалғасын табады(*Әкесін
сыйлаған кісіні ...*Сыйлық қымбат емес...*«Сіз», «біз» деген жылы
сөз...*Кішіпейілділіктен ...
*Балаң жақсы болса ...
Балаң жаман болса ...)
«Жүректен жүрекке»
ойынымен бата-тілек айтады,«Кім кімге ізет көрсетеді?» кесте-сызбасын жасайды, «Жұдырық» ойыны бойынша бойларынан не сезінгендерін айтады.
«Үштік одақ», «Мозайка» стратегиялары бойынша топтасып жұмыс жасайды да,
«Құндылық спектрі» бойынша келісімге келгендерін немесе келісімге
келмегендерін өз сөздерімен дәлелдейді.Әр топтан 1-2 оқушы шығып, рөлдік ойын
көрсетіп, мәтінді толығырақ меңгереді. «Байлық», «ақыл» сөздеріне
ассоциативті қатар құрады.
«Қар үйіндісі» стратегиясы
бойынша оқушылар сұрақтарын ақ қағазға жазып, оны умаждап лақтыру арқылы сұрақтарға
жауап береді, «Радиоға қоңырау шалу"арқылы білмеген сұрақтарына жауап
алады, «Тыңдап отырған үштік» әдісі арқылы бірі сөйлеп, яғни түсіндіріп, бірі
жазып алып отырып, бірі бақылаушы болып үштік одақ жұмыс жасайды, «Алтын
балық» стратегиясы бойынша өзіне табыс әкелетін тапсырмаларды аквариумнан
суырады.
|
Формативтік бағалау, мадақтау.
Оқушы үні АВС тобының оқушыларын бағалауы.
Оқушылардың іс-әрекеттерін бағалау парағына жазылған
критерийлер бойынша бағалау.
«3,2,1» стратегиясы
Маған ұнаған 3 нәрсе, маған
қиын болған 2 тапсырма, мен үшін түсініксіз 1 нәрсе.
Оқушылардың
іс-әрекеттерін бағалау парағына жазылған критерийлер бойынша бағалау.
Топ басшысы жалған
ақшалар арқылы бағалап отырады, сабақ соңында кім көп ақша тапқанына қарап
бағаланады.
|
Презентация жасау
арқылы, ой қозғау, постер қорғату, АКТ-ны пайдалану
арқылы.
Жұптық жұмыс, диалог арқылы, ой қозғау, миға шабуыл,
топтық жұмыс арқылы.Қабілетті оқушыларға күрделірек, төмен деңгейлі
оқушыларға қызықтырақ тапсырмалар беру арқылы жүзеге асыру.
Түрлі стратегияларды тиімді қолдана отырып, сабаққа
қызығушылығын, ынтасын арттырамын.
Жалған ақшалар арқылы табысқа жетуге
тырысады.Табыстылыққа итермелеймін.
|
Тапсырманы сұрау арқылы, жүйелі түрде қайталап сұрау,
топтық және жұптық жұмыстарды орындату арқылы.
Сөйлемдерді
толықтырады. Мақал-мәтелдердің мағынасын ашу арқылы оқушылар өз пікірлерін толық айтуға
үйренеді.Байлық, жүзік, әшекейленген белдік сөздерінің синонимдерін тауып
жазу арқылы сөздік қорын молайтады. Өзіне ұнаған мақалын атап, неге ұнағанын
айтады. Ол оқушының ойлау қабілетін
дамыта отырып, ұйқастырып шебер сөйлеуге бағыттайды.
Сөйлемдерді мәтін бойынша аяқтап жазады, -Қайраттың
орнында болсаң, анаңнан не әкелуін сұрар едің?- деген сияқты сұрақтарға жауап
беру арқылы ойларын ашық, еркін
жеткізуге ұмтылады, не сұрасам болады деп ойланады, қызықтырақ, ешкім
айтпаған жауапты айтуға тырысады, яғни сыни ойлайды, сөздік қарап, жаңа
сөздерін жаттайды, сұрақты дұрыс құру, толық, нақты жауап беру арқылы
кедергілерді жеңедіү
|
Ұсыныстар білдіруінен, жаңа идеялар білдіруінен, ортақ
шешім қабылдай алуынан, рефлексия парақтарынан.
Берген жауаптарынан, топтық жұмысқа қатысуынан, бағалау
парақтарынан, алған смайликтерінен білуге болады.
Оқушыларымның көңіл-күйлерінен, табыс кәрзеңкесіне
толтырылған стикерлердегі жауаптарынан, бағалау парақтары мен қаншалықты
ақшалай пайда тапқанынан білемін.
|
Комментариев нет:
Отправить комментарий